Экономика Жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда Редактор 03.11.2022 3734 Жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда Бүгінде Түркістан облысына қарасты Келес ауданында көшет егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жоспарлы жұмыстар 2025 жылға дейін, әр жылдың көктем, күз айларында жүзеге асыру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру үшін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырма жүктеді. Ауданда көшет өндірумен айналысатын кәсіпкерлер жетерлік. Олардың өндірген өнімдерді жерде қалмайды. Бүгінде облыс аумағындағы барлық аудандарда көшет егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның арқасында көшет өндірісі қарқынды даму үстінде. Ең алдымен көшеттердің түрі, климаттық жағдайға төзімділігін және суландыру жүйесімен қамту шараларын нақтылауды тапсырған аудан басшысы егілген көшеттерді күтіп баптайтын бағбан мәселесін де нақты шешу керектігін атап өтті. — Бүгінге дейін көгалдандыру мақсатында біршама жобалар жүзеге асырылды. Дегенмен бұл шаралардың нәтижелі болуына жергілікті тұрғындар да атсалысуы тиіс. Тұрғындар арасында қоршаған ортаны тазалығы, күтіп баптауы секілді мәдениетті қалыптастыруымыз керек, — деді аудан басшысы. Көгалдандыру жұмыстарына әрбір мемлекеттік, кәсіпкерлік нысандар да атсалысады. Соның ішінде аудан орталығын көгалдандыру мақсатында көшеттердің түрі мен саны, суғару жүйесі, сынды қажетті заттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сызбалары дайындалды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 2767 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 3482 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 4610