Экономика Кәсіпкерлер заманауи дүкендерді қолданысқа бермек Редактор 03.11.2022 7571 1 оқу мин Кәсіпкерлер заманауи дүкендерді қолданысқа бермек Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек Жетісай қаласындағы өртке оранған «Күлпаршын базары» ЖШС қайта қалпына келтірілу жұмыстарының барысымен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Бүгінде базарды қалпына келтіру бойынша дайындаған бас жоспар негізінде «STALKON STROY» ЖШС мен «Стандарт Плюс К» ЖШС мердігер мекемелерінен 6 бригадада 40 құрылысшы, оған қосымша «Күлпаршын базары» ЖШС тарапынан тағы жалдамалы 4 бригадада 30 құрылысшы тиісті жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауа-райының жаңбырлы болуына қарамастан тоқтаусыз жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының нәтижесінде түрлі тауарлар сататын 70-ке тарта дүңгіршек қолданысқа берілген. Базар басшылығы алдағы аптаның басында ет сататын тағы 30 дүкенді қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын толық аралап шыққан соң базар басшылығына базармен жапсарлас және базар аумағында кәсіпкерлердің өздері салып жатқан ғимараттардың заңдылығын, өрт және басқа да қауіпсіздік шараларының сақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырып, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін заңсыз салынған ғимараттарға заңды құжаттардың берілмейтіндігін қатаң ескертті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 334920 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 356271 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 364428