Экономика Жүгері жемге сұраныс көп Редактор 10.11.2022 4877 1 оқу мин Жүгері жемге сұраныс көп Түркістан облысында бүгінде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Оған науқан аяқталған соң жиналған өнім көлемі көрсеткіші еселенгенінен ақ байқауға болады. Бүгінде Ордабасы ауданының шаруалары жүгері жарысында біріншілік өткізуде. Бүгінге дейін облыс бойынша барлығы 44,8 мың гектарға жүгері егілген болса, бүгінге дейін 22 мың алқаптан өнім жиналды. Шардарлықтар гектарына 65 центнерден, Сайрамдықтар 63,5 центнерден өнім алған. Олар үздік үштікте. Облыс бойынша орташа астық түсімі бұрынғысынша гектарына 57 центнердің шегінде болса, Ордабасы ауданында 100 центнерден өнім алуда. Ордабасы ауданында он ауылдық округ бар, оның тоғызында дәнді жүгері өсіреді, шаруалар өз ісінің шебері, дәнге арналған жүгері өндіру технологиясын жетік меңгерген. Бір ғана Шұбарсу ауылдық округі көкөністерді жылыжайда өсіруге ден қойған. Облыстағы жүгері плантациялары жеті мың гектарға жуық жерді алып жатыр. Егін жинау қарқын алуда. Төрткүл ауылдық округі қазірдің өзінде жоғары өнімді екенін көрсетті: әр гектардан 110 центнерден жүгері дәні алынды. Былтыр құрғақшылық болғанның өзінде гектарына 90 центнерден жоғары өнім ала алды. Әр диқанның ауласында жүгері ұсақтағыш бар – олардың көмегімен мал азығын дайындайды. Ордабасы ауданына қысқы астық сатып алу үшін жүгері екпейтін аймақтардан келеді. Жүгері дәнінің келісі 50-60 теңге тұрады. Бірақ облыста жиналған өнім негізінен мал бордақылау үшін пайдаланылады. Жүгеріден жоғары өнім алған ордабастықтар биыл науқанды жақсы аяқтап отыр. Жетісай ауданындағы Е.Ералиевтің шаруа қожалығы 12 гектардың әр гектарынан 100 центнерден дәнді дақыл алып, жүгеріні орып үлгерді. Жетісай өңірі әлі күнге дейін әр гектардан орта есеппен 53 центнерден өнім алып отыр. Агроном Е.Ералиев әр дақылды жаңа технологиямен өсіретіндігімен өңірге танымал. Жыл сайын мол өнім жинап облыс бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізеді. Негізінде облыста қазір мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтар көп. өнімнің өтімділігін солар өкіртеді. Жүгері азығы мал бордақылауда таптырмайтын жем саналады. Әрі арзан әрі тиімді. Сондықтан да оны саты алушылар да көп. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3840 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 4117 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3936