Әлеумет Бас дәрігер Алғыс хатпен марапатталды Редактор 22.12.2022 7312 1 оқу мин Еселі еңбек ел алғысымен өлшенбек. Ал ел Президентінің алғысының орны тіптен бөлек. Денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз еңбектен бөлек қоғамымызда орын алып жатқан елеулі оқиғаларға белсене атсалысу да азаматтық борышымыз. Жуырда ғана еліміз үшін айырықша орны бар Президент сайлауы науқаны өткені белгілі. Аталмыш шараға үлес қосқаны үшін Шымкент қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов мемлекет басшысының алғыс хатын алды. Бұл емхана ұжымы үшін де айырықша орны бар марапат. Өйткені еліміз үшін маңызды шараны үйлестіру жұмыстарына барынша күш жігерін жұмсаған басшының еңбегі мақтауға тұрарлық. Ел президенті өз ықыласын ерекше жеткізген. «Құрметті Бейсеуов Махамбет Әбдезімұлы! Сізге Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс айтамын! Біз күш жігерімізді жұмылдырып, барша азаматтарға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет -Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз деп сенемін! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!» делінген алғыс хатта. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты кешігіп болса да өз иесіне табысталды. Енді артқан сенімді ақтап, өңірдің өрлеуі жолында аянбай қызмет ету міндеті тұр. Ел игілігі жолындағы еңбек жемісті болып, биік белестерді бағындырып, толағай табысқа жету басты мұрат болып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366