Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: сак

Қала әкімі Президент сыйлығын балаларға табыстады

340 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-12-31

Бүгін шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының арнайы құттықтау сөзі жазылған ашық хаты мен сыйлықтарын Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатқан бүлдіршіндерге де үлестірді. Қала әкімі әуелі аурухана ішін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Қалалық клиникалық балалар ауруханасы – балаларға мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсететін заманауи көпсалалы клиника, материалдық-техникалық базамен 94,6%-ға қамтылған. Биыл соңғы үлгідегі ангиограф пайдалануға беріліп, заманауи зертханалық жабдықтар сатып алынды. Аурухана 315 төсек орынға лайықталғанымен, тәулігіне 300-ден астам науқас келіп түседі. Бұл - жыл сайын 15 мыңнан астам бала осы жерден ем алып шығады деген сөз. Осы жылдың өзінде жүрекке 2, тамырларға 153 операция жасалып, МРТ аппаратында 932 бала тексеруден өтті. Биылғы тағы бір жаңалық - аурухана базасында стоматологиялық көмек көрсету үшін 18 жасқа дейінгі мүгедектерге (церебральды сал ауруы, аутизм және басқа да «ерекше» балалар) арналған стоматологиялық кабинет іске қосылды. Сондай - ақ, 2022 жылы Эли Алиеваның «Help Todey» қоғамдық қорының қатысуымен және «Самсунг электроникс» компаниясының қолдауымен стационарда ұзақ уақыт ем алатын ауыр науқас балалармен сабақ өткізу үшін «Смарт-мектеп» инновациялық сыныбы ашылды. Шаһар басшысы нысанның қызмет көрсету саласын арнайы көріп болған соң, Аяз ата мен Ақшақар және бірнеше анимациялық кейіпкерлердің қатысуымен бүлдіршіндердің көңілін аулап, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, емделуші балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтармен баланың өсуі мен ойлау қабылетін дамытатын әр түрлі сыйлықтар мен планшеттер табыстады. «Бас қаладан Президентіміз өздеріңе жекелеп сый-сияпат жіберді. Аяқтарыңнан нық тұрып кетулеріңді тілейміз. Ауырмай-сыздамай аман-есен өсіп-жетіліп, жақсы азамат болыңдар. Біздің бақытымыз - бала. Сендер шаттансаңдар, ата-ана да қуанады, әлем шаттанады. Сондықтан тезірек жазылып кетіңдер!»-деп қала әкімі тілектестік білдірді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

8

10

11

12

13

15

16

18

22

24

27

28

29

30

31

Галерея