Руханият «Үздік офицердің анасы» төсбелгісін 30-дан астам ақжаулықты ана иеленді Редактор 09.03.2023 3609 1 оқу мин Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық Әйелдер күніне орай аналарға құрмет көрсетілген ерекше жиын өтті. Мерекелік шараға қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлердің жұбайлары мен үздік офицерлердің аналары, полиция бөлімінің барша арулары қатысты. Жеке құрам жігіттері нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуантты. Ал полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбековтің бұйрығымен 34 қызметкердің анасына «Үздік офицердің анасы» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ полиция бөлімінің қыздары мен қоғамдық көмекшілері де арнайы «Алғыс хат» алды. Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты. Көктемнің ең жарқын мерекесінде аудандық өнерпаздар, адамзаттың асылы аяулы аналарға арналған әндерін әуелете шырқап, керемет көңіл-күй сыйлады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 4834 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 5625 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 7269