Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР Редактор 19.03.2023 3054 1 оқу мин Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Түркістан облысы — еліміздегі сайлаушылары ең көп өңір. Мұндағы 941 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден өз жұмысын бастады. Бұл орайда, Сайрам, Сарыағаш, Бәйдібек, Келес аудандарында жергілікті халық бүгінгі сайлауға белсенді қатысып жатыр. Азаматтар саяси науқанға көтеріңкі көңіл күймен келіп, өз таңдауларын жасауда. Барлық сайлау учаскелері санитарлық талаптарға сай жасақталған. Бұл — сайлау демкоратияның жарқын көрінісі. Себебі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңадан сайланады. Оның үстіне Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы бірге өткізілуде. Облыста сайлауға 1131 кандидат түсіп жатыр. Олардың 19-ы Мәжіліс депутаттығына үміткер. Партиялық тізім бойынша 6 партиядан 79 адам тіркелген. Ұсынылған кандидаттардың 1007-сі – ер, 124-і – әйел адам. Ең жасы 21-де, ең үлкені – 70-жаста. Жалпы облыс бойынша тіркелген сайлаушылардың жалпы саны 1 млн 168 мыңнан асады. Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығында сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Ал сайлаудың әділ, әрі заң шеңберінде өтуін үміткерлердің сенімді өкілдері мен байқаушылар мұқият қадағалап отыр. Олардың арасында халықаралық байқаушылар да бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 3801 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 4451 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 4059