Саясат СОЗАҚТЫҚ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ Редактор 19.03.2023 2454 Бүгін — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні. Халықтың саяси науқанға ықыласы ерекше. Созақтықтар бұл күні ұлттық киім киіп, сайлау учаскесіне келуде. Қазақы дәстүрді берік ұстанатын Жуантөбе ауыл округінің түрғындары сайлау учаскесіне бұл күнде ұлттық киіммен келіп дауыс беруде. — Алдымызда Наурыз мейрамы. Бүгін саяси науқан. Осындай ерекше күндері ұлттық киім киіп келдім. Өз таңдауымды жасадым. Қазақы киім қандай әдемі. Жалпы, бұл киімді тұрақты киіп жүруді қолға алу керек, — дейді Жуантөбе ауыл округінің тұрғыны Тайбек Аманжол Әлмханұлы. Жуантөбелік тұрғындар сайлау күні өз таңдауын жасап, Наурыз мейрамы қараңында ұлттық киімді ұлықтап жүр. Созақ ауданының тұрғындары саяси науқанды аса белсенділікпен бастауда. Сайлауға алғаш келгендердің қатарында зейнеткерлерден бастап, жұмысшылар, аудан жастары бар. Айта кетейік, Созақ ауданы бойынша 39 сайлау учаскесі, 36258 сайлаушы бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 3801 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 4451 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 4059