Саясат САЙЛАУ: АМЕРИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ КӨРМЕГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ Редактор 19.03.2023 3390 Елімізде өтіп жатқан саяси доданы шетелдерден келген тәуелсіз бақылаушылар бақылап отыр. Сауран ауданы, Жүйнек ауыл округіне қарасты 75 сайлау учаскесінде америкалық бақылаушылар отыр. Бүгін аудандағы барлық сайлау үйлерінде аудандық кітапхана ұжымы таңдаулы кітаптардан көрме ұсынды. Бақылаушылар Жүйнек ауылындағы «Жаңа Қазақстан» деп аталатын көрмеге қызығушылық танытты. Олар әсіресе, Ежелгі Сауранның тарихына қатты таңданды. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Сауранның ежелгі мәдениеті мен онда мекен еткен қолөнершілердің, хандар мен билердің тарихына қатысты алуан түрлі сұрақтар қойды. Көрмені ұйымдастырған кітапханашы Д.Абдуманапова америкалықтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сауран ауданы бойынша халық сайлауға белсенді қатысып жатыр. Жағдай тұрақты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 1 оқу мин Саясат ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 25.04.2024 1674 Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 2004 ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 6179