Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАТҚАН НАУҚАСТАР ДА БІР КІСІДЕЙ ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР Редактор 19.03.2023 3211 1 оқу мин Облыстық клиникалық ауруханада 650 науқас емделіп жатыр. Ауруханадағы 200-ден астам науқас сайлау учаскесіне өз бетімен келіп, дауыс беруде. Олардың барлығы дерлік алыс-жақын аудандардың тұрғындары. Базбірі қоларбамен келіп, өз таңдауын жасауда. Тұрғылықты жерлері әртүрлі болғандықтан бұл сайлаушылар тек партияға дауыс беретін болады. Солардың бірі Қазығұрт ауданынан келген Ділбар Иманқұлова бүгінгі сайлаудан көп үміт күтетінін айтады. «Бүгінгі сайлау мен үшін де, отбасым мен ауылдастырым үшін өте маңызды деп айтар едім. Себебі көп өзгеріс болады деп үміттенеміз. Әсіресе көп жылдар бойы қордаланған ауылдардағы ауызсу, жайылым, жол мәселесі шешілсе дейміз. Осы халыққа жаны ашитын, елдің қамын ойлайтын азаматтар сайланса деген тілегіміз бар», — дейді Ділбар Иманқұлова. Ал ауруханадағы өздігінен жүріп тұра алмайтын науқастарға сайлау учаскесінің өкілдері палатаға барып, дауыстарын қабылдауда. Олардың саны 400-ден астам. Айта кетейік, бүгін өңірде 1 млн 168 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 24.03.2024 1719 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 18.03.2024 2386 ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 03.02.2024 14600