Руханият ТҮРКІСТАН: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ АРЫС ТҰРҒЫНЫ 55 КЕЛІЛІК ҚОШҚАРДЫ 303 РЕТ КӨТЕРДІ Редактор 21.03.2023 2687 1 оқу мин Түркістанда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Түркістанда өткен наурыз мерекесінде Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков 55 келілік қошқарды 303 рет көтеріп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бірінші орынды иеленген оған өзі көтерген қошқар сыйға берілді. «Мен бұдан алдын қошқарды 1111 көтеріп рекорд орнатқан болатынмын. Бұрын күреспен айналыстым. Кейін қойып кеттім»-дейді ол. «Керуен Сарай» кешенінде өткен мерекелік шара барысында күрес, қол күрес, тоғыз құмалақ секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жастар асық ойнап, арқан тартты. Эстрада жұлдыздары әсем әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекеге жиналған көпшілік киіз үйлерде арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Этноауылға саяхат жасап, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесін тамашалады. Айта кетейік, Түркістанда наурыз мерекесі кешке эстрада жұлдыздарының концерттімен жалғасады. Ал, ертең облысқа қарасты аудан, қалаларда Әз-Наурыз мерекесі аталып өтілетін болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 7206 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 8614 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 9425