Әлеумет «DENSAULYQ» кәсіподағы Наурыз мерекесіне орай 270 кәсіподақ мүшелеріне азық түлік себетін таратты Редактор 22.03.2023 7568 1 оқу мин «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі кезекті рет қайырымдылық шарасын өткізді. 22-наурыз Наурыз мерекесіне орай 270 кәсіподақ мүшелеріне азық-түлік себеттері таратылды. Солардың бірі Байзахова Захира медициналық мекемеде мейірбике болып жұмыс істейді. “Тұрақты көмек алып отырмыз. Біз сияқты қарапайым халық үшін мұндай әлеуметтік көмектің маңызы зор. Көп балалы отбасы болғандықтан, қолдауды қажет етеміз. Осыны ескерген қайырымды жандарға алғысым шексіз. Мекеменің бастаушысы мен қолдаушысы Сакен Арыстанұлы бастаған барлық ұжымға қалың көпшілік атынан мың алғыс айтамын. Бұл қолдаудың өзі біз үшін үлкен көмек.” –дейді Захира. Айта кетейік, Кәсіподақ ұжымы өңірлердегі медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп қана қоймай, оларға әлеуметтік көмек те көрсетіп келеді. Қай кезде болмасын, қайырымдылық танытып, көмек қолын созып келеді. Кәсіподақ тарапынан көмек алғандардың саны облысымызда жылдан-жылға артып, сала қызметкерлерінің сеніміне ие болуда. «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұжымы қысқа мерзімде және жоғары кәсіби деңгейде атқарылған жемісті, сапалы жұмыстың арқасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныс, өтініші бойынша күрделі мәселені шешуде әрқашан тиімді нәтижеге қол жеткізіп келеді. Түркістан облысы бойынша денсаулық саласы үшін үлкен жетістіктер. Медицина қызметкерлеріне 2023 жылы 1 қантардан бастап дәрігерге 30%, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға артты. Алдағы уақытта да «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мекеме басшысы Сакен Арыстанұлының бастауымен көптеген шараларды өткізуді мақсат етіп отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11167 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12985 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15449