Руханият ТҮРКІСТАНҒА АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН КЕЛДІ Редактор 27.03.2023 3360 1 оқу мин Түркістандағы облыстық «Farab» әмбебап-ғылыми кітапханасында Абай облысы, Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің өнерпаздары гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетті. «Түркістан ер түріктің бесігі ғой» атты концертті Тассай ауылдық округі мәдениет үйінің меңгерушісі Қабдыкәрім Байжұмановтың өзі жүргізіп, әуезді әнмен бірге көркемсөзбен көріктеді. Кеште республикалық байқаулардың жеңімпазы, тассайлық әнші Саяхат Тұрлыбеков пен жергілікті әншілер мен жеткіншек бишілер өнер көрсетті. Сонымен қатар, тассайлық қос ақын Манарбек Бекіш пен Фархат Маратұлының айтысы көрермен назарын аудара білді. Ал хордың орындауындағы күй көпшілікті тебірентті. Кеш соңында Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Мәзібаев сөз сөйлеп, шараның мақсатына тоқталып өтті. Киелі Түркістаннан бөлек, Моңғолия еліне де гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сөз соңында Көкпекті ауданы әкімінің атынан шараға атсалысқан кітапхана директоры мен ұжымына алғысын білдіріп, сый-сияпат табыстады. Зайсан көлінің жағасында орналасқан қазақы ауылдың көркемөнерпаздарымен қоса зиялы қауымы мен мемлекет қызметкерлері де атсалысқан концерт қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер қалдырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 4989 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 5811 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 7511