Әлеумет №77 мектеп-лицейінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді Редактор 30.03.2023 7869 1 оқу мин Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері А.Асқаров атындағы №77 мектепте шартты өртті сөндіру бойынша мектептің басшы құрамы және қызметкерлерімен бірлесіп өрт-тактикалық сабағын өткізді. Сабақтың тактикалық тұрғысынан еңбек оқу бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуының салдарынан өрт орын алады. Өрттің көрші бөлмелерге тарап кету қауіпі туындады. Дыбыстық құлақтандыру жүйесі іске қосылғаннан соң оқушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары басталды, алайда мектептің 2 оқушысы шыға алмай, дәлізде қалып қояды, біреуі есінен танып қалады. Тез арада мектепке №5 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жөнелтіледі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шартты өртті сөндіруге кіріседі, бір мезетте мектептің ішін барлау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде екі зардап шегушіні тауып, құтқару жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай шартты өрт сөндірілді. Сабақ барысында өрт сөндірушілер нысанның шұғыл-тактикалық сипаттамасын зерделеп, жақын орналасқан гидранттарды және олардың жұмыс жағдайын тексере алды. Ал мектептің қызметкерлері өз кезегінде өрт сөндіру қызметін шақыру және қарсы алу тәртіптерін, ғимараттан адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру және электр жүйесін т.б. сөндіруді машықтады. Тәжірибелік іс-шара соңында мектептің қызметкерлерімен сабақтың нәтижесі бойынша талдау жасалды және өрт орын алған кезде жасалатын әрекеттер, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша қосымша нұсқаулық жүргізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11167 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12985 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15449