Руханият ТҮРКІСТАН: «ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ Редактор 05.04.2023 1878 1 оқу мин Түркістандағы балалар кітапханасында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқауының алғашқы іріктеу кезеңі өтті. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындылар мен әлем әдебиетінің үздік шығармаларын насихаттауды көздейтін шараны Сарыағаш аудандық әкімдігі және «Фараб» кітапханасы бірлесіп ұйымдастырған. Рухани бай болу мен патриоттық тәрбие беру бағытындағы байқауға кітапхана оқырманы болып тіркелген 11-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Аталмыш жоба өңір аумағындағы аудан-қалаларда жалғасып, Сарыағаш ауданында қорытындыланады. Байқауға қатысқан талантты 15 оқушының ішінен оза шауып, облыстық байқаудың финалына Әмина Бейбітхан жолдама алды. Эльнура Акимжанова және Ақниет Сапарбек І орын, Қарақат Жұман мен Сарвиноз Абдалимова ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ Нұрай Шаймерден мен Ернар Ермырза ІІІ орынды қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар арнайы дипломмен және түрлі номинациялар марапатталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 2122 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 2388 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ 10 КҮН БОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ 10 КҮН БОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ 07.03.2024 3674