Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ СУПЕР ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ Редактор 05.04.2023 4440 1 оқу мин Елордада өткен «Daryndar sazy» өнер фестивалінде «Сымбат» би ансамблі супер гран-при жеңімпазы атанды. 25 би тобы қатысқан сайыста бағы жанған өнер ұжымы қаржылай сый-сияпатқа да ие болды. Рухани астананың мерейін үстем еткен түркістандық биші қыздарды темір жол вокзалынан ата-аналар мен туған-туыстары күтіп алды. — Шәкірттерім тағы да үмітімді ақтады. Әрдайым қолдау білдіріп, біз үшін тілектес болып жүрген жандарға үлкен рахмет. Қуанышты бөліссең көбейеді деген тәмсіл еске түседі осындай сәтте. Қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы жеңісімізбен арнайы құттықтағанына алғыс білдіремін Жемісті де жеңісті күндеріміз әлі алда, — деді би тобының жетекшісі Айжан Жұманова. Шығармашылық ұжым былтыр «Talant Kazakhstan», «Samga», «Turan bala fest» өнер фестивальдерінде грант при жүлдесіне қол жеткізген. Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары биылғы жылда да айтарлықтай белесті бағындырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 7044 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 8390 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 9122