Руханият Түркістанда Күлтөбе қалашығының күмбездерін орнату жұмыстары жалғасуда Редактор 09.04.2023 3740 1 оқу мин Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Түркістан қаласының «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жауапты басшылар мен мердігер компанияға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге тарихи ескерткіштер мен қалажұрттарға зиян тигізбей абаттандыру қажеттігін ескертті. – Бұл – аса жауапты міндет. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, осы аумақ ЮНЕСКО қорғауындағы тарихи мұра екенін білесіздер. Құрылыс және абаттандыру жұмыстарының тарихи жәдігерлерге кері әсерін тигізбей жүргізілуі қатаң қадағалануы тиіс. Арнайы археолог немесе музей саласы бойынша бекітілген өкілдер тұрақты бақыласын. Абаттандыру сапалы жүргізілуі тиіс. Мердігер компания басшылығы жұмыстың басы-қасына жүріп, уақтылы әрі талапқа сай атқарылуына атсалыссын, – деді Дархан Сатыбалды. «Түркістан қаласының «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру» жобасын жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Кесене маңындағы Күлтөбе қалашығын қорғау, төбесін жабу жұмыстары да атқарылуда. Жоба бойынша түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынған. 2022 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген 4 млрд. теңге толық игерілген. Осы арқылы күмбез шатырлары орналасатын жобада қаралған 27 тірек және 303 дана бетон қадаларының бетон жұмыстары толық аяқталды. Күмбездің шет мемлекеттен жеткізілетін металл конструкциялары (26 рейс) толық нысанға жеткізіліп, нығайтылған қадалар құрастырылуда. Сондай-ақ орнатылатын трансформатордың (КТП) бетон жұмыстары жүргізілуде. 10 сәуірден бастап күмбездің метал конструкцияларын орналастыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал күмбез жабындары мамыр айында жеткізіледі деп күтілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 4989 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 5811 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 7615