Әлеумет Кәріз құбырының қақпағын ұрлаған азамат қамауға алынды Редактор 10.04.2023 6882 1 оқу мин Әл-Фараби АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол онда, өзінің жеке кәсіпорны бар екенін жазған. Сондай-ақ, аталған темір-терсек өндіретін цехқа бөгде азамат заңсыз кіріп, құны 26 790 (жиырма алты мың жеті жүз тоқсан) теңге тұратын 1 дана кәріз құбырының темірден жасалған қақпағын жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Аталған жайт ҚК-тің 187-бабының 2-бөлігі бойынша(Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолға алып, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар азаматты қала аумағынан қолға түсірді. Ол Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Тергеу барысында ұсталған азаматтың темірден жасалған қақпақты сатып, түскен қаржыны өз жеке басының пайдасына жұмсап жібергені белгілі болды. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11167 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12985 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15449