Экономика Ұсақ малдан ұтарың көп Редактор 01.05.2023 3194 1 оқу мин ???????????????????????????????????? Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында мал шаруашылығы жақсы дамыған. Жыл жылжыған сайын мал басы көбейіп келеді. Бүгінде Жетісай ауданында 152 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Солардың бірі — Жетісай ауданы Абай ауыл округіндегі «Махарам» шаруа қожалығы бүгінде жұмысын жақсы жолға қойған. Әрбір байланған қошқар орта есеппен 30-35 келі ет береді. Қазірдің өзінде қорада 300 бас жайдары қошқар жемге қойылған. Қожалықта өндірілген ет негізінен Алматы қаласының нарығына шығарылады. Бұдан бөлек жекелей де сатып алушылардың қарасы қалың. Аталған шаруа қожалығының өніміне сұраныс мол. Қазіргі таңда «Махарам» шаруа қожалығының иелегінде жалпы саны 5 мың бас қой бар. Олардың жем шөбі жалпы бағымы жүйлендірілген. Жетісай ауданында жайылым жер қат болғандықтан мұндағы отарлар Шардара ауданына қарасты құмда ұсталады екен. Сондықтан да күтім талғамайтын қой басы таңдалып алынған. Жайдары қойлар шөл және шөлейт жер жайылымына көнбіс, күтім талғамайды. Ұсақ малдың жем-шөбін шаруашылық өздері әзірлейді. Ол үшін шаруашылықтың өз егістік аумағы бар. Биыл 20 гектар жоңышқа мен 30 гектар жерге жүгері еккен. Шығымы жақсы болғандықтан өнімі де мол. Ала көктемнен ала күзге дейін тынбайтын шаруалар жоңышқаны 5 рет орып алады. Бұл малдың біраз жем шөбін қамсау болады. Егін егетін, оны оратын, жинайтын барлық қажетті техникалары да бар. Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 200 мыңға жуық ұсақ мал бар. Бүгінде ұсақ мал ұстап, бордақылаумен айналысатындардың қатары артып келеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 1 оқу мин Экономика Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 05.03.2024 3781 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 04.03.2024 3453 ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 09.02.2024 11366