Экономика Су үнемдеу технологияларын енгізу басты міндет Редактор 01.05.2023 4298 1 оқу мин Түркістан облысының 80 пайызы ауылда тұрады. Сондықтан өңірде ауылшаруашылығын дамыту маңызды болып отыр. Қазығұрт ауданында жемісті қалдықсыз өңдеуге басымдық беріліп, заманауи озық технологияны пайдаланушылар қатары артып келеді. Әрі егістікті әртараптандырудың да тиімділігіне түсінгендер қатары көп. Сондықтан да бүгінде осы тәсілді қолданушылар қатары артып келеді. Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу, су үнемдеу технологияларын енгізу және жылыжай шаруашылығын дамыту мәселесі Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасының алдында тұрған міндет болып отыр. Халықтың әл ауқаты ауылшаруашылығының дамуымен байланысты екендігі белгілі. Өңірде ең негізгі шаруашылықтың бірі ауылшаруашылық. Облыста аграрлық секторда 74,2 мың агроқұрылым бар. Республикадағы көрсеткіші – 31 пайызды құрайды. Жаңа технологияларға көшу міндеті тұр. Ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, жалпы өніммен қатар еңбек өнімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады. Малазықтық және масақты дақылдарды тікелей егу әдісі бүгінде облыстың барлық аудандарында қолға алынған. Айта кетейік, Қазығұрт ауданында өткен жылы 66,7 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Биыл ауданға көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан төмендетілген бағамен 3500 тонна дизель отыны бөлінді. Ал дала жұмыстарына техникалардың 95 пайызды тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3278 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3668 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3532