Экономика Мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді Редактор 01.05.2023 1742 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған аудандардың қатарында. Сондай-ақ, ірі қара мал басын асылдандыру бойынша да көш басында тұр. Ауданда бүгінде 171 мал бордақылау алаңы бар. Шағын жанұялық фермерлер құру тапсырмасы 25 бірлік болып бекітілсе, жоспар 29 бірлікке орындалды. Талғат Әлімқұлов, Шардара ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Биыл жиналатын астықтан күздік бидай 500 гектарға егілді. Жер жырту жұмыстары 43 мың гектарға межеленіп, 50-ден астам пайызы орындалған. Былтыр көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 2 860 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, күзгі дала жұмыстарына 3055 тоннасы үлестірілді». Республикалық және облыстық бюджет есебінен ағын суды жеткізіп беру құнын арзандатуға 25 млн-нан сатам, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауда 84,5 млн.гербицидтердің құнын арзандатуға 74,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейі де жоғары. Мал басын көбейту, мал басын асылдандыру бойынша да жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымды. Алдағы уақытта мал бордақылаумен айналысуға бел буғандардың қатары тағы да арта түспек. Өйткені мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қайтарымсыз грант ұтып алғандардың дені дәл осы мал шаруашылығын өрістетуге бел буып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 2300 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5485 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5414