Экономика Ерте пісетін өнім сатылымға шығарылды Редактор 07.05.2023 2361 1 оқу мин Негізінде Түркістан облысының дихандары еліміздің барлық аумағын ауыл шаруашылығы дақылдарымен, көкөністермен толық қамтамасыз етуге қауқары жетеді. Ерте көктемнен егіске кетпен салған дихандар бүгінде көкөністі пісіріп, сатылымға шығарып үлгерді. Бұдан да ертелеу көкөністерді жинар ма еді, биылғы күн райы сан құбылып күнгейліктер үшін салқынқабақ танытты. Дегенмен дихандар бүгінде өнімдерін тек еліміздің түкпір түкпіріне ғана емес Ресейге де жөнелтуде. Бірінші мамырға дейін Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының дихандары 6,7 мың тонна көлемде өнім жинап үлгерді. Жетісай өңірінде ерте пісетін орамжапырақ өсіру үшін 1200 гектар жер бөлінген болатын. Оны өсірумен барлық дерлік ауылдар айналысады. Қазірдің өзінде 200 гектардан өнім жиналып үлгерді. Ерте піскен қырыққабатқа қазір сұраныс артып тұр. Күнгейліктер үшін бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Еліміздің өзге өңірлерінен күнгейлік қырыққабатқа деген сұраныс күннен күнге арта түсуде. Көтерме бағамен алатындар суықтау өңірлерге әрине біршама қымбаттау бағамен сататыны анық. Еліміздің бас қаласында бүгінде жетісайлық қырыққабаттар 450 теңгеден сатылып жатыр. Жақын аймақтағы базарларға көтерме жеткізілімдердің бір келісі 180 теңге тұрады. Қазір жаппай піскен өнім көп болған соң, бағасы 130-140 теңгеге дейін түсті. Өңірдегі көкөніс өсіретін шаруа қожалықтарына көтерме сатып алушылар көптеп келуде. Бұл дегеніңіз жетісайлық шаруалардың еккен өнімі жерде қалмайды деген сөз. Жазы аптап ыстық болғандықтан Жетісайда кешірек пісетін қырыққабат отырғызылмайды. Оның орнына өзге өнімдер өсіріледі. Шаруаның көзін тапқан жетісайлық дихандар енді екінші өнімді егуге дайындалып жатыр. Күзге дейін бір жерден екі-үш өнім алып үлгереді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 757 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5414 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5244