Экономика Пайдаланылмай жатқан 330 мың гектар жерді мемлекетке қайтару жұмыстары талқыланды Редактор 08.05.2023 3702 1 оқу мин Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен облыс аумағындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша кеңейтілген мәжіліс отырысы өтті. Жиында Е.Кенжеханұлы Мемлекет басшысының 2023 жылы республика бойынша пайдаланылмай жатқан 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша жүктелген нақты тапсырмаларын назарға алып, облыс бойынша жыл соңына дейін 330 мың гектар жер қайтарудың маңыздылығын ортаға салды. Мәжіліс отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының м.у.а. Бауыржан Досжанов сөз алып, ең алдымен космомониторинг жүйесі бойынша жер учаскелеріне жүргізілген түгендеу жұмыстарының ахуалын баяндады. Сондай-ақ, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ҚР Заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді қайтаруға айрықша басымдық берілгенін жеткізіп, 330 мың гектар жерді қайтару бойынша бекітілген нақты жоспардың орындалу барысына тоқталды. Алқалы жиында облыстық жер қатынастары басқармасының тарапынан жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және 2022 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерін қайта айналымға енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, жыл соңына дейін күтілетін нәтижелер талқыланды. Жер саласындағы келелі мәселелер көтерілген мәжілісті қорытындылаған Ермек Кенжеханұлы аудан, қала әкімдеріне тиісті қатаң бақылау жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеп, облыстық жер қатынастары басқармасына жер есебіндегі жойылып кеткен тұлғалардың, ақпараттық жүйеде тіркелмеген және орналасқан жерлері белгісіз жер учаскелерін қайта айналымға енгізу жұмыстарын ширатуды тапсырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 833 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5450 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5405