Экономика «Тамсан БТА» өндірістік кооперативі 300 мыңға жуық балық өсіруде Редактор 08.05.2023 3804 Түркістан облысына қарасты Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіндегі балық шаруашылығы дамып келеді. Лесбек батыр елді мекенінің аумағындағы Келес өзенінің бұрынғы арнасына арнайы бассейндерді құрған «Тамсан БТА» өндірістік кооперативі 300 мыңға жуық балық өсіруде. Кәсіпкердің жұмысынамен арнайы танысқан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік көмектерді көрсетуді айтты. Қазіргі таңда аталған өндірістік кооперативте 40 мүше тіркеліп, барлығы балық өсіруге ниеттеніп отыр. Оларға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аз пайызбен несие беру бағытында шаралар атқарылуда. Аудан әкімі тиісті бөлім басшысына өндірістік кооператив мүшелерімен бірге ірі балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің басын қосып, тәжірибе алмасу семинарларын өткізуді және мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді рәсімдеу бойынша жұмыс атқаруды тапсырды. Бүгінде шаруалар балықтың үш түрін өсіріп жатқан болса, алдағы уақытта басқа да түрлерін өсіруді қолға алмақ. Аудан әкімі Ақтөбе ауылдық округіндегі елді мекендерді араларап, қажетті тапсырмаларды жүктеді. Ескіқорған елді мекеніндегі шекара кеден бекетінің маңын абаттандыру, елді мекендерге ағын су жеткізу, тазалық мәселесі жөнінде жұмыс жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға қойылды. Соңғы кездері түйіткілді мәселеге айналған Жаңадәуір ауылындағы мәдениет үйінің бүгінгі жағдаймен танысып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді атап өтті. Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекеніндегі ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуды және ағын суды қажетті деңгейде жеткізу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмаларды жүктеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3278 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3668 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3532