Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

Аудандағы жылыжайлардың жағдайын саралауды тапсырды

41 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-05-13

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында мәжілістің күн тәртібінде облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте атап өтілген білім саласы бойынша кемшіліктерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, көктемгі дала жұмыстарының барысы және Қабланбек ауылдық округінің 2023 жылы атқарылатын жұмыстарының жоспары туралы мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Д.Акатов баяндама жасап, аудан аумағындағы мектептерде күрделі, ағымдағы жөндеуді іске асыру жөнінде жұмыстар және мектептерде бейнекамера және турникеттер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді; Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов аудандағы жер игеру, жылыжайлардың жағдайы және ауыл шаруашылығына жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы баяндады. Аудан басшысы жылыжайлардың жағдайлары, оның ішіндегі игерілген, игерілмеген және қараусыз қалған жылыжайларды саралап нақты ақпаратты 10 маусымға дейін ұсынуды тапсырды. Келесі мәселе бойынша Қабланбек ауылдық округінің есептік кезеңдегі атқарылған жұмыстары және биылға жоспарлары, округті дамыту жұмыстары туралы Қабланбек ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрсынбаев баяндады. Аудан әкімінің аппарат басшысы О.Ыбрайдың Қабланбек ауылдық округі әкімінің жұмысына зерделеу жұмыстары нәтижесін жариялады. Ондағы бірқатар кемшіліктер ашық айтылып, талқыға түсті. Ауылдық округте жұмыспен қамту, салық түсімі және тазалық бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы төмен деңгейде. Бұл – тек ауылдық округі әкімі емес, оның орынбасарына, жауапты мамандарынада қатысты, - деді аудан әкімі Арман Абдуллаев мәжіліс соңында.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея