Экономика Ауыл шаруашылық дақылдарын қауіп қатерден сақтау үшін… Редактор 13.05.2023 8625 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы аумағында марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының 10-нан басталды. Ауылшаруашылық дақылдарына аса қауіпті шегірткеге қарсы күрес барысын аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев бақылады. Бақберген Тәңірбергенұлы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РМК Түркістан облысының Төлеби аудандық филиалының мамандары, Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының мамандарына жерді химиялық өңдеу жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мамандарына шегірткеге қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Аудан экономикасының негізгі көрсеткіші болып саналатын ауылшаруашылық саласының дамуына ықпал ету шараларын уақытылы жүргізу тиімділігін түсіндірді. Алғашқы аса қауіпті марокко шегірткелеріне химиялық өңдеу жұмыстары Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол елді мекенінде жүргізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 328471 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 349863 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 357392