Экономика Жас кәсіпкерге шағын несие Редактор 14.05.2023 5933 1 оқу мин Наурызбай Абдулла — Түркістан облысы Шәуілдір ауылындағы жас кәсіпкер. Заңгер мамандығы бойынша оқу бітірген жігіт жұмыс таппай мал шаруашылығын бастап кетті. Таныстарының жөн сілтеуімен былтыр жазда Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. Түркістан облысы бойынша филиалда жеңілдетілген несие рәсімдеп, жергілікті шаруашылықтардың бірінен 15 бас мүйізді ірі қара мал сатып алды. Несие нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған. «5 миллион теңге несие алдым. Несие мерзімі – 40 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%. Шарттары менің қожалығым сияқты шағын шаруашылықтар үшін тиімді. Алғашқы төлемді төлеп те қойдым», — деді жеке кәсіпкер Наурызбай Абдулла. Аграрлық несие корпорациясы кәсіпкерлерге шағын несие беруді жалғастырып жатыр. «Іскер» бағдарламасы бойыша несие мал шаруашылығын жүргізетіндерге 5 млн теңгеге дейін және 7 жылға, басқа кәсіп түрлеріне 6 млн теңгеге дейін және 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 6%, тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан басталады. Негізгі қарыз бен сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік мерзімі бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 328471 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 349863 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 357392