Экономика Ағын су мәселесі шешімін табуда Редактор 14.05.2023 2980 Түркістан облысына қарасты Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы елді мекендерді аралап, ондағы өзекті мәселелерді шешу бағытында нақты тапсырмаларды жүктеген болатын. Берілген тапсырманы орындау, қажетті шараларды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев бастаған жұмысшы топ Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ, Ескіқорған ауылдарында болды. Ағын су мәселесі туындаған аймақтарда көзден кешіріп, жергілікті шаруалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Ескіқорған елді мекенінде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбетін ретке келтіру бойынша қажетті шаралар атқарылуда. — Аудан әкімімен өткен аптаның ішінде ауылдарды аралап, өзекті мәселелерді шешу бағытында жоспар дайындаған болатынбыз. Сол жоспар шеңберінде Ынтымақ елді мекеніне баратын ағын су мәселесін реттке келтірудеміз. Қажетсіз құлақтарды бекітіп, тоғандарды алдырттық. Еліміздің маңызды қақпаларының бірі Б.Қонысбаев кеден бекетінің маңын абаттандыру бағытында жұмыстарды атқарудамыз, — дейді Сүлеймен Нұрланұлы. Айта кетейік, аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен бірге елді мекендерді аралап, кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін шұғыл шара атқаруды тапсырған болатын. Бүгінде аудан әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша жоспарды орындауды бастап кетті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 1 оқу мин Экономика Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 05.03.2024 3685 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 04.03.2024 3384 ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 09.02.2024 11227