Экономика Күн сәулесінен қуат алатын панельдерді орналастыруға жер аумағы қарастырылуда Редактор 15.05.2023 7925 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында кәсіпкер Султанов Серік өзінің дайын жобасымен таныстырып,ұсыныстарын айтты. Жобаның мақсаты: баламалы электр энергиясын өндіру,яғни күн сәулесінен қуат алатын панельдерді индустриалды аумақтарда және электр энергиясын керек ететін барлық аймақтарда орналастыру.Жеке кәсіпкер С.Султанов жобаны жүзеге асыру үшін 260 га жер қажет екенін айтып өтті. Жалпы құны 138 миллион АҚШ долларды құрайтын күн сәулесінен қуат алатын панельдер Түркия елінен алуға болатынын және 250 МВт қуат мөлшерін керек ететінін де, жеке кәсіпкер қоса айтып өтті. Аталған кездесуде күн сәулесінен қуат алатын панельдерді орналастыруға жер аумағын қарастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, Арман Абдуллаев Қапланбек ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрсынбаевқа және тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Айта кетсек, ауданға баламалы энергия тарту жобасы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге,табиғатымызды аяулауға де өз септігін тигізеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 328471 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 349863 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 357392