Экономика 300 гектар жер учаскесі бөлінді Редактор 18.05.2023 2911 1 оқу мин Индустраилды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Түркістан облысына қарасты Келес ауданында индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. Құрылған индустриалды аймақ өндірісті өркендетуге айрықша серпін бермек. Жергілікті атқарушы орган жаңадан құрылған индустриалды орталыққа қажетті инфрақұрылымдарды жеткізіп, инвесторлардың жұмысын айтарлықтай жеңілдететін болады. Келес ауданында құрылған индустриалды аймақ Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойында орналасуы, алдағы уақытта жоспарланған айналма жолға жақындығы, «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне, көршілес аудандарға (Шардара, Мақтаарал және Жетісай) және жұмыс күшін тарту үшін елді мекендерге жақындығымен инвесторларға тиімді болмақ. Бүгінде индустриалды аймақ инвестициялық жобаларды іске асыруға, отандық және шетелдік инвесторларды орта және шағын бизнесті дамытуға барынша ықпал ететіні мәлім. Бұл жобаның мақсаты — өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру болып табылады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 729 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5349 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5221