Экономика Дизель отынды бөлу функционалы пилоттық режимде іске қосылды Редактор 20.05.2023 2572 1 оқу мин Күзгі дала жұмыстарына бөлінетін жанармай көлеміне өтінім беру GOSAGRO.KZ: арзандатылған дизель отынды бөлу функционалы пилоттық режимде іске қосылды. АШТӨ-ге бөлінген дизель отынын бөлу тетігін заңнамалық қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің №137 бұйрығымен Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары бекітілді. Осы Бұйрыққа сәйкес АШТӨ үшін дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестері, сондай-ақ МӨЗ-ден өңірлерге, одан әрі АШТӨ-не дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау тәртібі мен шарттарының регламенті бойынша интернет-ресурста аграрийлер үшін дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдері ағымдағы жылдың мамырына дейін, ал келер жылдың көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отыны бойынша өтінім ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны мен 20 желтоқсаны аралығында қабылданады. Өтінім https://gosagro.kz/arm/login сілтемесі арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып беріледі. Толық мәліметті әр ауылдық округі әкімдіктерінен немесе аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінен білуге болады. GOSAGRO.KZ қажетті құжаттар тізбесі ЭЦП КЛЮЧ ШҚ; Банковс счеты; Жеке куәлік; Егілген гектарына дақыл түрі мәселен (мақта 10га, бидай-15га). Бүгінде Түркістан облысындағы барлық аудандарда осыған орай түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3370 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3781 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3563