Экономика Ауылшаруашылығы саласына берілетін жеңілдіктер жайы айтылды Редактор 20.05.2023 2986 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылы бүкіл елімізге белгілі десек артық айтқандық болмас. Бүгінде Қарабұлақ ауылында мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтар көп. бүкіл елімізді етпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Ауылдық округте мал шаруашылығымен айналысатындар басым. Алдағы уақытта дәл осы кәсіп түріне бет бұруға бейілдердің де қарасы қалың. Осыған байланысты ауылдық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2023 -2025 жылдары ауылдарды дамыту, әсіресе ауылшаруашылығы саласына берілетін жеңілдіктер (субсидиялар), ағын су мәселелері, тамшылатып суару, мал шаруашылығын дамытудың жаңа тәсілдері, жылыжайлар құрылысы және 2-3 өнім алатын шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер, ауылшаруашылық өнімдерді басқа өңірлерге сатуды ұйымдастыру және тағы басқа мәселелер бойынша Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасы тарапынан ауыл тұрғындарына насихаттау бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерімен (диқандармен) кездесу өтті. Кездесуде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер, ауылшаруашылық жерлерді табиғи тыңайтқыштармен тыңайтудың тиімділігін арттыру мақсатында «Қазверн» кооперативінің биогумус өнімдері туралы «Қазверн» кооперативінің Сайрам аудандық магистрі М.Халикулова диқандармен слайд арқылы таныстырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3598 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3930 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3806