Экономика Уақ мал тоғытатын орындар салу мәселесі шешімін таппақ Редактор 26.05.2023 2624 1 оқу мин Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша құрылған жұмысшы топқа берілген тапсырмалардың орындалуын талқылау үшін, Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының м.а. Ғ. Құрманбай мен Шардара ауданының әкімі Қ. Жолдыбайдың қатысумен кездесу ұйымдастырылды. «Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасындағы және ауылдық округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы» Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топ құрылған болатын. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды.Атап айтқанда, Шардара ауданындағы мал басын сәйкестендіру, ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, аудандағы ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы сөз қозғалып, мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Ауданда мал шаруашылығымен айналысатындардың қарасы қалың. Сондықтан да аталған мәселе маңызды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3421 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3794 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3636