Экономика Ауыл шаруашылығын дамыту үшін ағын су мәселесі шешімін таппақ Редактор 29.05.2023 6464 1 оқу мин Өңіріміздің мақтанышы саналатын Ақсу-Жабағылы қорығына жылына мыңдаған шетел туристері келеді. Еліміздің түпкір-түпкірінен келетін қонақтарды айтпасада белгілі. Осы ретте, туризім үшін әлеуеті жоғары аймақ орталығын көріктендіру аса маңызды шаруа. Бүгін Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге Жабағылы ауылдық округінде болып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Басқосудағы басты мәселе ауылды көркейтуге арналды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, ауылдағы жайылым жер мәселесі, ауыл шаруашылығын дамыту үшін ағын су мәселесін шешу және медицина, идеология саласына қатысты өтініш-ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізді. Әр мәселені мұқият тыңдаған Нұржан Жақсылықұлы айтылған өтініштерді жеке бақылауына алып, Заң аясында шешу мақсатында жауапты басқарма және мекемелермен тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, аудан басшысы округ орталығының тозығы жеткен ауыз су жүйесін қайта құрылымдаудан өткізу мәселесі алдағы жылдың басты жоспарында тұрғаның айтып, жер қазу жұмыстары толық аяқталғаннан соң ауылды абаттандыру шаралары басталатындығын атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 328414 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 349766 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 357360