Әлеумет Прокурорлар заңсыз лагерлердің қызметін тоқтатты Редактор 07.08.2023 10700 1 оқу мин Түркістан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тексеру жүргізуде. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 18 балаларды сауықтыру лагерлерінде 23 мыңнан астам бала демалуда. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылында орналасқан «Жансая» балаларды сауықтыру лагеріне прокурорлық тексеру жүргізу барысында заңдылықты бұзушылықтар анықталып, аталған лагердің жұмысы заңнама талаптарына толық сәйкес келмейтіндігі белгілі болды. Мағыналас заңдылықты бұзушылықтарға жол берген 3 балаларды сауықтыру лагерлері анықталып, олардың қызметтерін тоқтатуға бағытталған шаралар қолданылуда. Қазіргі таңда аталған сауықтыру лагерлерінде Түркістан облысының Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласынан демалуға келген 400-ге жуық балалар үйлеріне қайтарылды. Аталған бағытта тексеру жұмыстары жалғасуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 36107 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34448 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 33534