Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фото С

«ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ – 2023» БАЙҚАУЫНДА АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

151 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2023-09-15

Облыс орталығында өткен республикалық «Түркістан дауысы – 2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген 16 үміткер екі күн бойы ән додасында бақ сынады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған байқаудың шартына сәйкес, қатысушы екі музыкалық шығарманы орындады. Бірінші күні қазақ композиторларының әндерін шырқаған қатысушылар бүгін өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы шығарманы орындады. Байқауға музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Дәуешов, әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Мадина Садуақасова, әнші, «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков, әнші, композитор Сәби Мархаба, әнші, түрлі республикалық, халықаралық байқаудың жеңімпазы Бауыржан Исаев төрелік етті. Кешке елдің сүйіктісіне айналған белгілі әнші Мейрамбек Беспаев қонақ болып, өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен республикалық «Түркістан дауысы – 2023» жас орындаушылар байқауында Ербол Нариманұлы (Абай облысы) бас жүлде иегері атанды. Жүлделі І орын Аружан Айдарбек (Түркістан облысы) пен Ерназар Жұбанға (Маңғыстау облысы), ІІ орынға Аян Байжігіт пен (Жетісу облысы) пен Жанар Жүніске (Шымкент қаласы) бұйырды. Ал Аружан Бисембай (Батыс Қазақстан облысы) мен Дана Сағымбай (Алматы қаласы), Ақбота Құснадин (Қызылорда облысы) жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Байқаудың арнайы жүлдесі Данияр Барыс (Түркістан қаласы) пен Дана Мажитоваға (Атырау облысы), Мөлдір Төлебековаға (Жамбыл облысы) бұйырды. Ақбөпе Алибекова (Ақтөбе облысы), Халид Орынқұл (Ұлытау облысы), Нұрбол Сыдықов (Астана қаласы) байқау дипломанттары атанды. Мадина Қабдолла (Қарағанды облысы) мен Тимур Көпжасар (Павлодар облысы) қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея