
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйбдібек ауданында бүгінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Әсіресе Ал үшінші ауыл шаруашылығы саласына арналған жобалар басым. Олар тауарлы сүт фермасы және сүтті қайта өңдеу зауыты мен асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығы, өңірдегі мал басын көбейтіп, асыл тұқымды мал шаруашылығын өрістету үшін алдымен жайылымдық жер көлемін ұлғайту да басты мәселелердің бірі. Бүгінде барлық аудандарда индусмтриялдық аймақтар құрылуда. Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылдық округіндегі Жыланды елдімекенінен 21 гектар жер арнайы бөлініп отыр. Қажетті инфрақұрлым тартуға 326,6 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, индустриялды аймақты ұлғайту мақсатында қосымша 39 гектар жер бөлініп, нәтижесінде 60 гектарға жетіп отыр. Сонымен қатар ауданнан 895 га жер телімі араб инвесторының құс өсіру орталығына берілген. Бүгінге дейін мұнда 3,5 млрд теңге шетел инвестициясы тартылды. Оның болашақта берері көп болмақ. Аталған аумақта 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта жобаның екінші кезеңі іске асып, тағы 3,5 млрд теңге шетел инвестициясы тартылмақ. Сондай ақ ауданда құс өсіру орталығының басшылығы арасында келісім жасалып, жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Егер жүзеге асқан жағдайда 400-ге жуық жұмыс орны ашылады.