Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетпейді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер бірнеше ақпарат құралында жарияланған мәліметті жоққа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Бірнеше БАҚ-та Әбдірахымовтың қызметтен кетуі мүмкін екені жазылған болатын.
«Ғабидолла Әбдірахымов қызметін жалғастырып жатыр. Ол 12 күн еңбек демалысында болды, жақында ғана жұмысқа кірісті. Бүгін қала басшысы облыс көлемінде өткізілген іс-шараға қатысты. Қалалық жедел жәрдем станциясына 30 жаңа арнайы көлік берілді», — деді қалалық әкімдіктегілер. Облыс әкімдігіндегілер бұл хабарды жалған деп атады. Еске сала кетейік, Әбдірахымов Шымкенттің әкімі қызметіне 2015 жылдың 19 тамызында тағайындалған болатын.