Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын.Бес институционалды реформаларды көздейтін «100 Нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау аясында модернизациялау Ұлттық комиссиясымен сот және құқық қорғау жүйесін ары қарай жетілдірудің негізгі бағыттары белгіленген.Стратегиялық бағдарламасы сот жүйесіндегі оқылықтардың орнын толтырып, одан әрі дамуына жол ашады деп сенеміз. Елбасының сот саласына қатысты жүргізіп отырған реформалары жоғары деңгейде дамыған құқықтық жүйесі бар нағыз конституционалды мемлекет құруға септігін тигізеді.Заңның үстемдігі – нығайған мемлекеттің кепілі. Заңдарды мүлтіксіз сақтаған мемлекет қана өркен жайып, гүлдене бермек. Президенттік реформада басты бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігіне басымдылық беріліп отырғаны да сондықтан. Осыған байланысты, жаңа бағдарламаның құқықтық мемлекетті құрудағы маңызы зор.Елімізде жаңа Азаматтық процесстік кодексі мен «Жоғарғы сот кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды. «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заңға, қылмыстық процессуалдық кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа азаматтық процесстік кодексі сот төрелігі тиімділігін арттыру және сот даулары бойынша бітімгершілік институтын қалыптастыруға бірқатар мәселелерін шешіп келуде. Осы жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етуде деп айтуға болады.Ұлт жоспарының 26 қадамында: Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту, азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу туралы айтылды.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізілген жаңартылған Азаматтық істерді жүргізу талаптары бойынша прокурорлар егер сот процессінде мемлекеттің мүддесіне қарсы даулар қолданатын болса, өзінің құқықтары мен бостандықтарын өздігімен қорғай алмайтын тұлғалардың мүдделерін қорғап және сот немесе прокуратура сол процеске қатысу қажет деп тапқан жағдайда қатыса алатыны айқындалған.Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты – азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру. Отандық сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру, жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату – әрқашанда басты назарда.Ұлт жоспарының 27 қадамында: Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту, оның ішінде, жеке сот орындаушысы институтын дамытып, сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін кезең-кезеңмен қысқарту көзделген.Жыл сайын облыс бойынша шамамен 110 000 атқару құжаттары орындауға түсіп, оның тек жеті бөлігі ғана орындалады.Облыс бойынша 224 мемлекеттік және жеке сот орындаушылары атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатумен айналысады.Осындай жүктеме кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу қаупі бұл құқықтық аймақта жоғары.2010 жылы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушының мәртебесі туралы» Заңы қабылданып, онда орындаудың аралас моделіне өтіп, жеке сот орындаушылары институты енгізілген.
Сол уақыттан бері жеке сот орындаушылардың қатары жыл сайын өсуде. Бүгінде облыс бойынша олардың саны 182 адамды құрайды.Бүгінгі таңда мемлекеттік сот орындаушылардың өндірісінде 36 903 құжат болған, оның 8 мың. астам құжат жеке сот орындаушылардың өндірісіне өткен, көбісі алимент өндіру бойынша (жалпы ЖСО өндірісінде 275 959 құжат болған).Жүргізілген саралау көрсеткендей жеке сот орындаушыларының штаттық саны облыстың көптеген аумақтарында жетіспеушілігі сот актілерінің орындалу жағдайына келешекте кері әсерін тигізуі мүмкін, тұрғындарға жеке сот орындаушыларының қызметіне қолжетімділігіне мәлелелер туындауы мүмкін.Жаңа жылдан бастан барлық әлеуметтік маңызды санаттағы атқарушылық құжаттары (алимент пен жалақы өндіру) жеке сот орындаушылардың құзыретіне өткенін ескеру маңызды.Сондықтан жеке сот орындаушының қызметіне қолжетімділік мәселесі азаматтардың жаппай наразылығы туындауының қосымша бірден-бір себебі болуы мүмкін.Облыс прокуратурасымен жеке сот орындаушылардың мемлекеттік тіркеуші органдары мен екінші деңгейдегі банктерден электрондық база арқылы жедел мәліметтер алу рұқсаттығын жетілдіру қажеттігі туралы ұсыныс енгізілді.Қазіргі таңда барлық дерлік жеке сот орындаушыларында СИО ПСО және «Торелик» Ақпараттар жүйелері орнатылған. Ол өз кезегінде соттың санкциясын электрондық пошта арқылы алуға мүмкіндік береді.Жеке сот орындаушылардың саны жыл басынан бастап 102-ден 182-ге дейін көбейген, қазіргі таңда 37 тәлімгер дайындалуда. Ұсынылған реформалар ілгері жылжудың өзегі болып табылады. Бес реформа – бірізділікпен баратын берік қадамға айналуы тиіс. Сондықтан әрине алдымызда қандай да сынақтар болмасын, халқымыздың даналығына сүйене отырып, оны еңсеріп шығуымыз керек.
Н. Ерманов
ОҚО прокуратурасының
сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету
Басқармасының бастығы
әділет кеңесшісі