Бүгін ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Құрманғали Берік Уәлиұлы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратынан жаңадан ашылған «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында брифинг өткізді. Брифинг барысында «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығы мемлекеттік органдарының ашықтығын арттыруға және жұртшылықтың мемлекет жұмысы туралы көбірек ақпараттандырылуын қамтамасыз етуге бағытталып ашылғандығын мәлімдеді.Сонымен қатар, алдағы уақытта «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығы жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдар басшыларының, қоғам өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциялар, брифингтер, дөңгелек үстелдер өткізумен айналысатындығын атап өтті.2015 жылы басқарманың толық атауы мен құрылымы өзгеріп, «Оңтүстіктік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылып, облысымыздағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізетін жаңадан «Қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау» бөлімі ашылғандығын хабарлады.Сондай-ақ, басқарманың ағымдағы жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен таныстырды.Атап айтқанда, жыл басынан бері қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын халық арасында ақпараттық-насихаттау шаралары, облысымыздағы ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді насихаттау, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мен дін саласындағы атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша түсірілген «Майдангерлер» атты қысқаметражды фильмнің тұсаукесері өтіп, аталған фильмнің телеарналардан көрсетілімі ұйымдастырылып, көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған жастарды Отанды сүюге, бірлікке, халқықтар арасында ынтымақтастық пен достық байланыстарын нығайтуға бағытталған «Біз соққан ортақ үй» тақырыбында 3D форматта аннимациялық фильм дайындалуда. 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты филімнің тұсаукесерін өткізу жоспарлануда. Алдағы уақытта ел бірлігін одан әрі арттыру, ынтымақты нығайту мақсатында облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумын, отбасы институтын нығайту оның құндылықтарын арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын, патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Менің Қазақстаным» патриоттар форумын, дінаралық конфессияаралық татулықты сақтау бағытында республикалық семинармен ғылыми конференциялар өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарымен республикалық семинарлар мен «Аймақтық журналистер форумын» өткізу жоспарланғандығын баяндады.