
Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті тақырыптың бірі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда.
Аталмыш тақырып аясында, 18.09.2017ж. 11.00-де ОҚО «Азаматтық альянсы» ассоциациясының қабырғасында «Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне көшуді қолдайды» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінде таныстырылған қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінің жобасы талқыланды.
«Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы, «Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бекенова Құралай Әбдуәліқызы тақырып төңірегінде сөз сөйлеп, баяндама жасады.
Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады.
Үкіметтік емес ұйымдар атынан сөз сөйлеген Шәріпбек Жамалбекұлы, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі екендігін және Елбасының латын әліпбиіне көшу бастамасын бір ауыздан қолдай отырып, насихатталуына үлес қосатынын жеткізді.
Сонымен қатар, ОҚО үкіметтік емес ұйымдары аталған бастамаға қолдау білдіріп, Қазақстан халқына үндеу жарияларды.
Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының латын әліпбиіне көшу жайлы үндеуі
ҚР Парламенті Мәжілісінде қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінің жобасы таныстырылды.
Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады.
Латын әліпбиіне көшу бүгін ғана айтылып бір күнде қабылданған шешім емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында, 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтып, содан бері қоғам қайраткерлері мен белсенділер, ғалымдар мен зерттеушілер түрлі жиын, кездесулер өткізді. Қоғамдық талқылаулар жүрді. Бір анығы, латын әліпбиіне көшу мол байлықтың кілті, қазіргі заманның талабы.
Латын әліпбиі ертеңгі елдігіміздің кепілідігіне, интернет, жаңа бұқаралық ақпараттар сияқты уақыт талабымен үндескен заманда өз-өзінен керек болып шығатыны анық.
Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш, әлемдік өркениетке жетудің басты жолы. Себебі латын жазуы адамзаттың дамуындағы мықты тілдердің бірі. Ол 21 ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен ІТ-технологиялардың тілі.
Біз, Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары Елбасымыздың латын жазуына көшу бастамасын бірауыздан қолдаймыз.
Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы
|
«Оңтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы |
Бекенова Құралай Әбдуәліқызы |
«Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы |
Әбішева Хадича Ағзамқызы
|
«Сана—Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
|
Караибрагимов Раис Казымұлы
|
ОҚО Қоғамдық қор микрокредиттік ұйым «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қорының» төрағасы
|
Есенниязова Нұра Қоқымбайқызы |
«Өркен» қоғамдық қорының төрайымы |
Маманова Дана Әбдіманапқызы |
«Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
|
Абдуллаева Роза Сәрсенбайқызы |
«Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
|
Андабаева Гүлсім Бахытбекқызы |
«Қасиет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
|