
фото ШӨКҚ
Smartmicro неміс компаниясының сайтында «Smart Mobility in Action: Shymkent Leads with Intelligent Transport» (Іс-әрекеттегі ақылды ұтқырлық: Шымкент зияткерлік көлікті енгізуде») атты материал жарияланды.
Мақалада 2024 жылы Шымкент 200-ден астам заманауи smartmicro радиолокациялық датчиктерін пайдалана отырып, Зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу арқылы «ақылды» қалалық ұтқырлыққа қадам жасағаны айтылған.
Басылымның мәліметінше, жоба жүйеге 244 қиылысты қосуға, көлік ағындарын оңтайландыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және шұғыл қызметтердің қозғалыс уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
Осылайша, Шымкент тәжірибесі қалалық инфрақұрылым саласында зияткерлік технологияларды табысты енгізудің үлгісі болды.