«Даму» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауының ашылғандығын хабарлайды. Жобаның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықты қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау. Қоғамдық қабылдау кезінде «Қазақстан Республикасының мелекеттік қызметі» туралы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңдарының және «Қазақстан Республикасыны мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптары бойынша кеңестер беріледі. Аталған мәселелерге қатысты кез- келген мәлімет назарға алынып, тиісті қорытындысы шығарылатын болады.
Қоғамдық қабылдау жүргізу уақыты: Күнделікті, сағат 09:00-18:00 дейін (сенбі, жексенбі күндері-демалыс) Байланыс телефоны: +7 (7252) 392-662 Мекен-жайы:Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы,27 A