Түркістан қалалық орталық ауруханасы жөндеу жұмыстарынан кейін толық жаңартылып, заманауи техникамен жабдықталды.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында «Инсульт орталығы» мен «Триаж жүйесімен» жабдықталған жаңа қабылдау бөлімінің ашылуы өтті. Аурухананың жұмысымен танысуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев пен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы Мұқан Егізбаев арнайы келді. Аурухананың бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков жаңарған емдеу мекемесіндегі заманауи қондырғылардың жұмысымен таныстырды.