Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мерекелік демалыс күндерге орай күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде департамент бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев мәлімдеді.
Жауапты маманның айтуынша пиротехникалық заттарды қолдану барысында жазатайым оқиғалардың алдын алу маңызды. Кешенді іс-шаралар 2 кезеңде атқарылады. Бірінші кезекте қаладағы көпшілік орындарда тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау туралы насихат жүргізілмек. Жақын арада департамент мамандары кәсіпкерлердің пиротехникалық заттарды сатуы мен сақтау тәртібіне бақылау жүргізеді. Атап айтқанда полицейлермен бірге пиротехникалық заттар сатылатын ірі сауда орындарына, базарларға арнайы рейд ұйымдастырылады.