Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үнсіздігінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Саясаттанушының айтуынша, қазір бәрін “неге Назарбаев төтенше жағдай кезінде ерте халық алдына шықпады?” деген бір сұрақ мазалап жүр. “Қайта-қайта шығып, «Біздің президентіміз – Тоқаев, соны тыңдаңыздар» деп айта берсе, бәрін соған көндіргендей, ал шын мәнінде өзі билік жүргізіп отырғандай көрінетін еді. Дәл сол жағдайда нақты бір көшбасшы керек болды», — деді Әшімбаев Ia-centr.ru сайтына берген сұхбатында. Оның айтуынша, Назарбаев 18 қаңтарда қазақстандықтарға үндеу жолдағанда Қазақстаннан қашып кеткені туралы алып-қашпа әңгімені де жоққа шығаруды ойлады. «Халық алдына шықпаған күндері не істейді? Күн сайын қолына жаңа газет нөмірін ұстап, эфирге шыға ма? Ол 82 жасқа жақындап қалған адам. Халықтың алдында қайта-қайта сөйлегеннен не пайда? Елде нақты көбасшы бар. Ол – өзінің ізбасары. Сосын баспасөз қызметі де Назарбаевтың қалада және президентпен байланыста екенін айтты ғой», — деп атап өтті саясаттанушы. Әшімбаевтың ойынша, Назарбаев пен Тоқаевтың арасында келіспеушілік жоқ деп санайды. “Тоқаев екі жылдың ішінде көшбасшылық беделге ие болды. Ол ерік-жігері бар екенін, қатаң талап қоя алатынын көрсетті. Шынын айту керек, көбісі ондай мінезді күтпеген. Бірақ оның стилі басқаша. Барлығы Тоқаев тұңғыш президент сияқты болады деп күткен. Алайда олар екі түрлі адам, біреу жұмысшылардың арасынан шыққан, екіншісі – кадрлық дипломат. Иә, екеуі де бір бағытты ұстанады. Дегенмен әдіс-тәсілдері әртүрлі», — деді Әшімбаев.