Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының жаңа орынбасары Айнұр Серғазиева бұрынғы жұмысында басы дауға қалған. Бірнеше күннен бері желіде қызу талқыға түсіп жатқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиеваға қатысты тағы бір ақпарат шықты, деп хабарлайды Экспресс К. instagram.com/aineka_sergaziyeva instagram.com/aineka_sergaziyeva Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Бас прокуратураның заң бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы жазбаша ұсынысының суретін жариялады. Бұл ұсыныс хат Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге жолданған. Оның шыққан күні 2021 жылғы 22 сәуір деп көрсетілген. t.me/kozachkow t.me/kozachkow Сол кезде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникация холдингі қызметкерлері басшыларының үстінен шағымданған. Бір айта кететін жайт, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Зерденің» құрамына кіреді. Хатта қызметкерлерге қысым көрсетіп жүрген бірнеше басшының есімі аталған. Олардың арасында Айнұр Серғазиеваның да есімі бар. Серғазиева сол уақытта холдингте жауапты хатшы болған. instagram.com/aineka_sergaziyeva instagram.com/aineka_sergaziyeva Ол Instagram желісінде қазіргі қызметіне қалай келгенін жазған. Оның сөзінше, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникация холдингінде жүргенде Президенттің кадрлық резервіндегілер Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының цифрлық даму жөніндегі орынбасарын іздеп жатқанын айтқан-мыс. Мен де өз бағымды сынап көруге ұйғардым. Бірақ мені негізгі үміткер ретінде қарастырып жатқанын тағайындаудан үш күн бұрын білдім, — дейді Айнұр Серғазиева. Бірақ Президенттің жастар кадрлық резервінің мүшесі Сұлтан Тұндықбаев мұны жоққа шығарды. Ол агенттіктің жаңа орынбасары ешқандай да резервтің мүшесі емес екенін айтты. «Президенттің кадрлық резервіне бұл бос орынға қатысты ешқандай ақпарат түскен жоқ. Үміткерлерді іріктеу кулуарда жүргізілген. Бүгінгі таңда резервшілерді мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторға тартудың нақты тетігі жоқ екенін атап өткен жөн. Резервтерді жұмысқа тарту бейберекет жүргізілмейді», — дейді Сұлтан Тұндықбаев. Айта кетейік, 30 жастағы Айнұр Серғазиева 1 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Осыдан соң желіде оның «гламур өмірі» туралы ақпарат тарап кетті. «Louis vuitton» брендінің 2 миллион теңге тұратын сөмкесін ұстайтыны, шетелге жиі қыдыратыны туралы жазылды. Кейіннен жас шенеунік тұрмысқа шықпағанын, зейнеткер ата-анасы қазір Оралда тұратынын айтты. Пәтерін ипотекаға алғанын, артық байлығы жоғын да жеткізді.