Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қаңтар оқиғасына қатысты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат берді6 деп хабарлайды orda.kz. Мемлекеттік хатшы сұхбатында Алматыға шабуыл жасаған 20 мың террорист туралы көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді. Эфирге «Жаңа Қазақстан» атауымен шығатын арнайы сұхбатта әкімдікті, әуежайды басып алса да, өз талаптарын айтпаған қарулы топтар мен қаза тапқандардың мүрдесін ұрлап кеткендер және тергеу изоляторларында азапталған азаматтардың ісін қарастырып жатқан комиссия жұмысы туралы айтылды. Алматыға шабуылдады деген 20 мың террористер кімдер? – БҰЛ ЖЕРДЕ МЫНА НӘРСЕНІ АШЫП АЙТУ КЕРЕК. БІЗ ӘДЕТТЕ ТЕРРОРИСТ ДЕГЕНДЕ БЕЛГІЛІ БІР ОБРАЗДАҒЫ АДАМ ЕЛЕСТЕЙДІ. ҚАРУ АСЫНҒАН, ӘСКЕРИ КИІМ КИІНГЕН АДАМ ДЕП ТАЛДАЙДЫ. СОҢҒЫ БОЛҒАН ОҚИҒАЛАРДА ДА СТЕРЕОТИПТЕР ТҰРҒЫСЫНАН ҚАБЫЛДАП, ҚАЛАЙ ЕЛІМІЗГЕ ОСЫНША ТЕРРОРИСТЕР КІРІП КЕТТІ ДЕДІ. ТЕРРОРИЗМ ТАҚЫРЫБЫН ТАЛДАҒАНДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРІН ІЗДЕП, ӘУЕСТЕНІП ЖАТАМЫЗ. ТЕРРОРИЗМ – ИДЕОЛОГИЯ ЕМЕС, БҰЛ ІС-ӘРЕКЕТ. СОҢҒЫ БОЛҒАН ОҚИҒАЛАРДА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТТАРДЫ БАСЫП АЛУ, ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ БАСЫП АЛУ, ӘСКЕРИЛЕРГЕ ҚАРУЛЫ ШАБУЫЛ, АҚПАРАТТЫҚ НЫСАНДАРҒА ШАБУЫЛ ТЕРРОРИСТТІК АКТ ҰҒЫМЫН БІЛДІРЕДІ. ШЕТЕЛДЕ БАСҚА ДА АНЫҚТАМАЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ., – ДЕДІ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ. Ерлан Қарин Қаңтар оқиғасында ақпарат құралдарына таратылмаған оқиға туралы да айтты. – АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДА БІЛМЕЙТІН БІР ОҚИҒА БАР. ОСЫ ЖАҒДАЙ БОЛҒАН КЕЗДЕ СЫРТТА ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ТОПТАРДАҒ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РАДИКАЛДЫ ТҰЛҒАЛАР АРНАЙЫ ВИДЕОҮНДЕУЛЕР ДАЙЫНДАП, ЕЛДЕГІ ӨЗДЕРІНІҢ ЖАҚТАУШЫЛАРЫНА ТАРАТПАҚ БОЛДЫ. СОЛ КЕЗДЕ ИНТЕРНЕТ БҰҒАТТАЛДЫ. СОЛ ВИДЕОҮНДЕУЛЕР ТАРАҒАН БОЛСА, РАДИКАЛДЫ ТОПТАР ЖОСПАРЛАНҒАН ӘРЕКЕТКЕ КӨШЕТІН ЕДІ, – ДЕДІ ОЛ.