Саясат Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеме жасады Редактор 07.02.2022 9448 1 оқу мин Әлеуметтік желіде Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың фейк аккаунттары пайда болды. Stopfake.kz сайты хабарлағандай, Facebook пен Instagram желісінде Иманғали Тасмағамбетовтың атынан ашылған жалған парақшаларды кездестіруге болады. Бұл парақшаларға Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет қайраткерінің еш қатысы жоқ. Мысалы, осы Instagram аккаунттарының бірі – tasmagambetov_official – 45 мыңнан астам жазылушы жинаса, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – мыңнан астам жазылушыны жинаған. Facebook те оның атынан парақшалар ашылған. Иманғали Тасмағамбетов бұл аккаунттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеп, әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты: – Құрметті достар! Әлеуметтік желілерде менің атымнан жалған аккаунттар мен фейк парақшалар пайда болған. Оларда арандатушылық сипаттағы материалдар орналастырылады. Әрине, бұл менің беделіме әсер етіп қана қоймайды. Сонымен қатар, интернет кеңістігіндегі әрбір адамның осалдығы мен қауіпсіздігін көрсетеді. Менің әлеуметтік желілерде ешқандай парақшам жоқ екенін мәлімдегім келеді. Ешқандай арандатушылыққа бой алдырмауға, жалған ақпарат таратуға үлес қоспауға шақырамын, – деді Тасмағамбетов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 42420 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 69587 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 77841