Экс-сенатор, экономист Уәлихан Қайсаров сұхбат беріп, Қазақстанның экономикалық әлеуеті жайында пікір білдірді. Несие туралы айтқан экономист «банкрот» деп танылған халыққа қарсы қандай қылмыстық іс қозғалуы мүмкін мүмкін екенін айтып берді. – Жеке тұлға банкрот екенін, несие төлей алмайтынын айтса, оған банкроттық процедурасын енгізуге болады. Ол адам кейбір шектеулерге тап болады, 3 жыл шекарадан асуға болмайды. 5 жыл ішінде ешбір несие алуға болмайды. Біреуге кепіл бола алмайды, кепілдік бере алмайды. Бес жыл ішінде ол адамның әл-ауқаты жақсарса, берешекті қайтаруға мәндетті болады. 5 жылдан кейін барып жағдайы жақсарса, ештеңе қайтармайды, – деп түсіндірді экономист. Журналист «халықтың барлық несиесін кешіре салса бола ма?» деп сұрады. – Халықтың несиесін экономикалық тұрғыдан кешіруге болады. Бірақ экономист ретінде дұрыс деп есептемеймін. Маңдай термен тапқан ақшасын төлеп, құтылғандар бар. 12 пайыз адам төлей алмай жүр, 88 пайыз адам несиесін төлеп жүр. Сонда төлей алмай жүрген адамдардың берешектері кешірілсе, төлеген адамдар «бекер төлеген екенбіз ғой» деп айтады, – деп түсіндірді Қайсаров.